Жарнама
Жаңалықтар

1 қараша – дүниежүзілік балет күні


 Жыл сайын маңызды мереке әлемнің түкпір-түкпірінде ерекше аталып өтіледі. Олардың қатарында отандық балет театрлары да бар. 

Биылдың өзінде республика бойынша балет әртістері 160-қа жуық спектакль қойған. Мамандар қазақ балетіне жоғары баға беруде.

Ғалия Бегалина, «Астана опера» театрының тәлімгер-ұстазы: 

— Қазіргі күні отандық балет саласының деңгейі өте жоғары. Мұны мақтанышпен айтамыз. Біздің балеттің басты ерекшелігі сол әртістер әр би қимылына бар ынтасын салып, шығармашылыққа мән береді. Олардың біліктілігін шыңдай түсуге барымызды салып жатырмыз.

Людмила Макарцева, Қазақ ұлттық хореография академиясының оқытушысы: 

— Балерина болу үшін физикалық дайындықтан бұрын ептілік қажет. Бала билеп жүріп ойлана білу керек. Көбіне тума таланттар атақты балет әртісіне айналып жатады. Іріктеу кезінде біз баланың бойындағы қарым-қабілетіне ерекше мән береміз. 

Бүгінде Қазақстанда төрт балет театры бар. Оның үшеуі республикалық, біреуі өңірлік театр. Жыл басынан бері республика бойынша 160-қа жуық балет спектаклі қойылды. Ал оған жиналған көрермен саны 100 мыңға жуықтайды. Бұл балетке деген қызығушылықтың жыл сайын артып келе жатқанын көрсетеді.

24.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button