Жарнама
Жаңалықтар

Қызылқоғада 24 жастағы жігітті үш күннен бері іздеп жатыр

Атырау облысында 24 жастағы жігіт үш күннен бері табылмай жатыр. Ол 20 қарашада таңда үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан бері оралмаған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, жоғалып кеткен жігіт – Қызылқоға ауданының тұрғыны.

«Қызылқоға ауданындағы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қаракөл ауылында тұратын 24 жастағы жігіт 20 қарашада таңғы сағат 05:00-де үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда жүргені белгісіз. Оны іздестіру жұмыстары үшінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардан 37 адам 5 техникамен тартылды», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Әзірге жоғалған жігітті іздеу жұмыстары нәтиже берген жоқ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button