Атырауда 5 адам газдан уланды

2022 04 26 crop 13 7 528x781 sh Жаңалықтар

Бүгін Атырау қаласының іргесіндегі Водников-2 ауылының 5-көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде 5 адам табиғи газға уланып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ас бөлмедегі газ плитасынан газ кетіп, 1980 жылы туған үй иесі мен 4 баласы жедел ауруханаға жеткізілді. Ақхалаттылар балалардың жағдайы жақсы екенін айтып, үйлеріне шығарған. Ал анасы әлі дәрігерлердің бақылауында.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз