Жаңалықтар
Эвакуациялық пункттерде 686 құлсарылық бар
Су тасқыны кезінде эвакуацияланған тұрғындардың бір бөлігі қазір «Теңіз» вахталық қалашығында, Ақтау және Құлсары қалаларындағы эвакуациялық пункттерде, — деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.
Бүгінде «Теңіз» вахталық қалашығының 2 эвакуациялық пунктінде — 418, Құлсары қаласында 2 эвакуациялық пунктте — 163, Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 3 эвакуациялық пунктте 105 адам бар.
Айта кету керек, тасқын кезінде Құлсары қаласында 36 738 адам эвакуацияланған болатын.