
Спорт
«Атырау» сенсациялық жеңіске жетті
Қазақстан премьер-лигасының 23-тур аясында «Атырау» футбол командасы Қостанайдың «Тобыл» командасын 1:0 есебімен тізе бүктірді.
Ойын Атыраудағы «Мұнайшы» стадионында өтті. Кездесуді астаналық төреші Марат Искаков қадағалады. Матч тағдырын екінші таймда Ян Труфановтың баспен салған жалғыз голы шешті.
Бұл жеңістен кейін «Атырау» 15 ұпай жинап, турнир кестесінде соңғы орында қалды. Ал 44 ұпайы бар «Тобыл» үшінші сатыны сақтап тұр. Соған қарамастан, атыраулықтар жанкүйерлерін қуантқан табанды ойын өрнегін көрсетті.
Айта кетейік, «Атырау» клубында бұл маңызды кездесудің алдында жаңа директор болып Қуандық Жақиялиев тағайындалған болатын.
Алмас ҚАБДОЛ