Жайдарманшылар мен кикбоксшылар арасында футболдан жолдастық кездесу өтіп жатыр 

d0990204 f063 466f 95f8 8d364f97be2d Спорт

Республика күні қарсаңында Атырау қаласы күніне арналған «Атырау-Жайдарман» және «Атырау-Кикбоксинг» құрама командалар арасында футболдан жолдастық кездесу өтіп жатыр.
Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыруды мақсат тұтқан футбол ойынында
«Атырау-Жайдарман» командасы сапында
жастардың сүйікті ортасына, жобасына арналған «Жайдарман» ойындарының бірнеше мәрте жүлдегерлері мен жеңімпаздары, жергілікті Сағыз, Жерұйық командаларынан құралған жастар, Сағыз құрама командасының демеушілері, облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының мүшелері өнер көрсетеді. Ал «Атырау-Кикбоксинг» құрама командасы сапында кикбоксингтен белгілі жаттықтырушылар, жоғары дәрежелі төрешілер, әлемдік деңгейде өнер көрсетіп жүрген саңлақ спортшылар бар.
Кездесу барысында шараға қатысушылар, көрермендер мен жанашырлардың тарапынан қайырымдылық қаражат жиналып жерлесіміздің шұғыл еміне берілетін болады.
 
Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз