Атыраулық пара теннисшілер паралимпиада ойындарында 17 алтын жеңіп алды

349139688 6582971688403519 8150322002535139665 n Спорт

Ақтөбе қаласында Тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VІ Паралимпиада ойындары өтуде.

Иманалиева Гүлнар бастаған Атырау облысының спортшылары 17 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль еншілеп, командалық есепте жеке дара көш бастады.

Жекелей сында Рашкалиев Аманкелді, Имаков Мади, Казиев Ерлан, Кониев Кенгес, Қадырбек Нұрқожа, Орынбаева Раушан, Насихатова Айгул, Махулбеков Али және Насихан Маханбет жарыс жеңімпазы атанды. Ғиниятова Аружан күміс, ал Ерубаева Жулдыз, Калман Санжар, Кашкенова Айгерім қола жүлделерге ие болды.

Жұптық сын нәтижесі бойынша Рашкалиев Аманкелді мен Имаков Мади, Казиев Ерлан мен Кониев Кенгес, Махулбеков Али мен Қадырбек Нұрқожа жұптары алтын медаль жеңіп алды. Балманова Эльмира мен Кашкенова Айгерім, Насихан Маханбет пен Калман Санжар күміс жүлдеге ие болса, Орынбаева Раушан мен Ғиниятова Аружан үздік үштікті түйіндеді.

Аралас жұптық сайыста Имаков Мади мен Бударина Елена, Кониев Кенгес пен Кашкенова Айгерім, Казиев Ерлан мен Балманова Эльмира, Махулбеков Али мен Насихатова Айгул, Насихан Маханбет пен Ғиниятова Аружан жеңіске жетті. Калман Санжар мен Орынбаева Раушан және Қадырбек Нұрқожа мен Ерубаева Жулдыз қола медаль жеңіп алды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз