
Спорт
Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Бүгін, 6 тамызда Нэшвиллде (АҚШ) өткен UFC турнирінде қазақстандық Асу Алмабаев америкалық Оде Осборнмен кездесті.
Жекпе-жек екі раундқа созылды, Алмабаев тұншықтыру әдісімен жеңіп кетті.
Бүгінгі жекпе-жек — Алмабаевтың UFC-дегі дебюті. Бұл жетістік Алмабаевқа ММА-дағы жеңісті сериясын ұзартуға мүмкіндік берді, ол қазірге дейін 14 рет жеңген. Қазақстандық спортшы кейінгі рет 2017 жылы ұтылған.