Атыраулық өрт сөндіруші Азия Чемпионатында пауэрлифтингтен ||| орынға ие болды

349819883 712213594039798 1732618332865169664 n Спорт

28 мамыр күні Алматы қаласында Азия Чемпионатының жарыстары өтті.

Азия Чемпионатына Республиканың түкпір-түкпірінен 600-ге жуық спорт шеберлері қатысты. Чемпионат барлық салмақ дәрежесі бойынша өтті.

«Бірнеше күнге созылған жарыста спортшылар күштік спорт түрлері бойынша жарысқа түсті. Тартысқа толы бәсекеде Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ Құрманғазы аудандық №7 ӨСБ аға өрт сөндірушісі азаматтық қорғау сержанты Бралин Ерсейт Нурмухамбетұлы пауэрлифтинг бойынша қатысып, 100 келі салмақ дәрежесінде 720 келі нәтижесімен 3 орынға ие болды», – деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Бұған дейн де бірнеше жарыстардың чемпионы атанып жүрген Ерсейт Нұрмухамбетұлы үшін пауэрлифтинг – бұл спорт қана емес, сонымен қатар салауатты өмір салты. Сонымен қатар, пауэрлифтинг спорт түрінен «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағына ие болды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз