Атыраудағы ірі көшелердің бірі қайта жаңғыртылмақ (+ФОТО)
Атырауда Азаттық көшесі қайта жаңғыртылады.
Төрт жолақты жолдың жалпы ұзындығы 2,4 шақырымды құрайды. Атап айтсақ, бірінші бөлігі «Әуезов» көшесінен «Құнанбаев» аумағына дейін болса, екінші бөлігі «Темірханов» көшесінен «Абай» көшесіне дейінгі аралықты қамтымақ. Жол құрылысын «Атырауинжстрой» мердігер мекемесі жүргізеді.
‘’Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылау көлігі және автомобиль жолдары’’ бөлімінің басшысы Алибек Мухамбеталиевтің айтуынша, жаңғырту жұмыстары кезінде толықтай жолдың астыңғы қабаттары алынып, жаңадан салынады. Сонымен қатар, жоба шеңберінде жаяу жүргінші жолы, 6 ашық және 2 жабық аялдама, облыстық музейлер орналасқан аумақта тұрғындардың демалыс орындарын орнату көзделген.
Жол құрылысы басталғанға дейін қала тұрғындарына алдын-ала автокөліктер мен қоғамдық көліктердің жүру кестесі хабарланатын болады.