Атырауда студенттерді даяшылық қызметке алған 26 тұлға жауапқа тартылды

Cater To Your Own Life2 Жаңалықтар

Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық  комиссияның кезекті мәжілісі өтті.

Cater-To-Your-Own-Life2

Заңсыз еңбек зардабы

Онда алдымен «Кәмелетке толмағандарды заңсыз еңбекпен қамту» мәселесі қаралды. Жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Орынгүл Көшқалиеваның мәлім етуінше, жыл басынан бері жүргізілген рейдтік тексерулерде кәмелет жасына толмаған балаларды заңсыз еңбекке тарту фактілері тіркелген. Әсіресе, Атырау қаласы мен аудан орталықтарында бірнеше жасөспірімнің көлік жуу орталықтарында заңсыз жұмыс жасап жүргені әшкереленген. Мәселен, облыс орталығы мен Мақат ауданында осындай 2 және Жылыойда бір дерек есепке алынған.

Бұдан бөлек, 60-қа жуық кәмелетке толмаған баланың ата-анасыз түнгі ойын-сауық орындарында болғаны анықталған.  Атап айтқанда, олардың басым көпшілігі (студенттер мен жоғары сынып оқушылары)  мейрамханалар мен дәмханаларда заңсыз даяшылық қызмет атқар-ған. Ал, балаларға төленетін еңбекақы көлемі 1500-2000 теңгеден аспайды. Осындай фактілерге жол берген 26 заңды тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданған. Осыған байланысты жүр-гізілген тергеу-тексеру жұмыстарының барысында мейрамхана әкімшілері тарапынан полиция қызметкерлеріне дөрекілік танытып, қызметтеріне кедергі келтіру жағдайлары да кездескен.

Жетімді жебей жүр!

«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінің  түлектерін әлеуметтік сүйемелдеу туралы» облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауованың баяндауынша, осы санаттағы балалардың саны 593-ті құраған. Соның ішінде балалар үйінде тәрбиеленетіндері –97, қазіргі уақытта 57-сі қалып, С.Қазыбаев атындағы облыстық мектеп-интернат жабылған.

Жетімдердің болашақ тағдырына жәрдемдесу, баспанамен және жұмыспен қамтылуына, басқа да әлеуметтік мәселелерінің оңды шешілуіне көмек-қолдау көрсетуге бағытталған іс-шаралар кешені мен бағдарламалары   жүзеге асырылуда. Осы мақсаттағы «Жанашыр», «Мейірім», «Өзіңнен баста» акциялары өз тиімділігін көрсеткен. Сол сияқты, қаржылық әлеуеті жоғары жергілікті кәсіпорын-компаниялармен арада бекітілген меморандум аясында ондаған жасқа материалдық қолдау көрсетілген.

Сондай-ақ, «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен «Сәтті қадам» жобасы шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын бітірген 93 түлек тұрақты жұмысқа орналастырылған. Облыста 844 жетім бала тұрғын үй кезегінде тұр.  2014 жылы –163, 2015 жылы –157, ал, былтыр 92 жасөспірімнің баспана жағдайы жақсартылды.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз