Суретші Камила Атыраулықтарға салған суреттерін көрсетті

КАМИЛА қиялындағы әлем Жаңалықтар

Шаймардан Сариев атындағы өнер мұражайында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,  Суретшілер Одағының мүшесі,  Көркемсурет Академиясының корреспондент- мүшесі, суретші Камила Жапалованың «Дала дауысы» атты сурет көрмесі ашылды.

КАМИЛА қиялындағы әлем

Мұражай директоры Төлеген Орынбасаровтың айтуынша, аталмыш шара  Атырау өңірі суретшілеріне арналған көрме-залдың  тұсаукесерімен  ұштасты.

Көрменің ашылуына Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ақылбек Рысқалиев қатысып, суретшіге шығармашылық табыс тіледі. Қоғам қайраткері, мәдениет жанашыры Рашила Мүрсәлиева Камила Жапалованың өнердегі орны туралы ой қозғады.

КАМИЛА қиялындағы әлем-2

Суретшінің залда ілінген суреттері негізінен ұлттық колоритке бай. «Сырғамның сыңғыры», «Қазақ қызы» атты композицияларында ұлттық киім үлгісі, қазақ қызының жан дүниесінің байлығы оның сыртқы сұлулығымен астасып кеткен. Бір кезде апа-әжелеріміз таққан шашбау, сырға, жүзік суретке өзіндік рең, қама бөрік, қос етек көйлек картинаға өзіндік бояу  қосып  тұрғаны анық. Ал, «Шығыс әуендері» мотивімен салынған үш картина суретші стилін танытқандай. Түйе жетелеген көшпендінің алдынан ашылған көне қаланың қақпасы көрерменді ойға қалдырып, шығыс әлеміне жетелейді.

Көрмені тамашалау үшін келген жасөспірімдерге Камила Жапалова батик әлемінің құпиясын ашты. Дәл осы залда шеберлік сыныбын өткізіп, батик әлеміне тағы бір «Қарлығаш» тақырыбында жазылған суретін қосты. 

Гүлзада Ниетқалиева.

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз