Жарнама
Саясат

ЖАЗЫЛҒАН АРЫЗ ЖАУАПСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Шағымдана келген зейнеткерлер Валерий Евстифеев пен Нина Лопатникованың тұрғынжайлары бөлек болғанмен, айтар мұңы бірдей болып шықты. Қаладағы Авангард ықшамауданының тұрғындары көп қабатты үйлеріндегі терможаңғырту жұмыстары дұрыс жүргізілмеді деп есептейді. Бұрын құрылысшы болып жасаған Валерий Георгиевич өзінің үйі бойынша толықтай есептеулер жүргізіп, барлық құжаттарымен келген. Оның айтуынша, жүргізілген құрылыс жұмыстарында сәйкессіздіктер көп болыпты. Мәселен, сметада көтергіш кран 844 сағат жұмыс жасады деп көрсеткен. Зейнеткердің мәліметінше, ол бар-жоғы алты рет екі сағаттан жұмыс істеген. Сондай-ақ, сметада көрсетілген кейбір құрылыс материалдарын ол кісі тіпті таппаған да.
Қала прокуроры олардың жазған арыз-шағымына бес күн ішінде жауап берілетінін айта келіп, қажет жағдайда құрылыс саласының сарапшылары да тексеру жұмыстарына тартылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, аталған үйлерден басқа терможаңғырту жүргізілген үйлер де тексеріліп, заңсыздыққа жол беру дерегі анықталған жағдайда қылмыстық іс қозғалмақ.
Медбике болып жасайтын Айгүл Әліпқалиева 2007 жылы ажырасқан жолдасынан тоғыз айдан бері бір тиын да алимент алмаған. Төрт баланы жәутеңдетіп қойған жігіт ағасы маршрут көліктердің бірін жүргізеді екен. Бірақ, ресми түрде жұмыссыз. Бұған дейін де «Нұр Отан» партиясының араласуымен ұл-қыздарының нәпақасына қол жеткізген жалғызбасты ана осы жолы да көмек күтіп келген. Құсни Қапашевада да – дәл осы жағдай. Үш баланы бұрынғы күйеуінің көмегінсіз асырап-бағу оған оңай емес.
Нұрлан Қарашолақ оларға тиісті органдарға арыз жазу керектігін айтып, айтылған мәселенің жерде қалмай, қаралатынын жеткізді.

Құралай ОРАЗ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button