СЕРІК ЕРУБАЕВ ИНДЕР АУДАНЫНДА БОЛДЫ

img 20220516 wa0058 Саясат

Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаевтың Атырау облысына іссапары бүгін Индер ауданында жалғасын тапты.

«Ақжолдық» халық қалаулысы Бөдене ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

– Референдум – аса маңызды демократиялық институт. Қысқаша айтқанда, ол – Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының және мемлекет өміріндегі өзге де неғұрлым маңызды мәселелері жөніндегі шешімдердің жобалары бойынша бүкілхалықтық дауысқа салу. Қазақстан тарихында жалпыхалықтық референдум екі рет өткізілді. Екеуі де 1995 жылы. 29 сәуірде халық Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзартты, ал 30 тамызда өткен екінші референдумның мәні Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы болатын.

Мемлекет басшысы саяси реформалардың бірнеше пакетін жариялады. Соңғы рет референдум 1995 жылы, яғни 27 жыл бұрын өтті. Бірақ, жаңа заман жаңа шешімдер мен өзгерістерді қажет етеді. Біз бұл оқиғаны қазақстандықтардың өздері де күткенін көріп отырмыз, өйткені халықтың осы саяси оқиғаға деген қызығушылығы жоғары. Біз референдумның мақсатын түсіндіруге тиіспіз. Өйткені, мұнда әр дауыс маңызды. Бұл реформа ел үшін қажет пе, жоқ па, соны халық шешеді, – деді депутат.

Соңында жиналғандар өздерін толғандарыған сауалдарға жауап алды.

Айсұлу ҚОНДЫБАЕВА,

«Ақ жол» партиясы Атырау облыстық филиалының аппарат жетекшісі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз