Жарнама
Саясат

ТАБИҒАТТЫ СҮЮГЕ ТӘРБИЕЛЕУ КЕРЕК

Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов мекеме жұмысшыларын өз сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Ә.Құсайынов атап өткендей, экологиялық проблемалар күрделі әрі өзекті болып табылады. «Экология – адамзат тіршілігінің маңызды факторы. Біздің айналамыздағының бәрі – табиғат, біздің өмір сүріп жатқан ортақ әлеміміз. Технология ілгері дамыған сайын, «жасыл орта» осалданып барады. Табиғат ресурстарын мақсатты әрі жоспарлы пайдалану, қоршаған ортаны ластанудан қорғау, мемлекеттік бақылаудың жоспарлы жүйесін енгізу ең басты міндетімізге айналуы тиіс», — деп атап өтті Ә.Құсайынов.  Кездесу барысында кандидат, сондай-ақ, әлем бойынша бірегей табиғи кеңістіктердің күрт азайып бара жатқанын сөз етті. Мысалға, Жер шарындағы халқы көп аймақтарда жаһандық экожүйенің маңызды бөлшегі – батпақты жерлердің 90 пайызы мүлде жойылған. Бүгінде бір адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуге қажетті жердің көлемі, әлем бойынша 21,9 гектарға тең. Ал, Жер шарының биологиялық мүмкіндігі 15,7 гектарды ғана құрайды. Яғни, өздеріңіз байқағандай, Жерді мекендейтін 7 миллиард адамның әрбіреуін таза, ластанбаған, құнарлы жермен қамту үшін кем дегенде 6,2 гектар жетіспейді. Бұл – өте күрделі мәселе», — деді Ә.Құсайынов.

Кандидат XIX ғасырдың соңынан бері әрбір жаңа онжылдық алдыңғысына қарағанда жылынып бара жатқанын мәлім етті. «XX ғасырдан бері орташа ауа температурасы 0,74 градусқа өсті. Мұның үштен екі бөлігі соңғы отыз жылға тиесілі. Тұрақты температуралық көрсеткіш – ғасырлар бойы сақталып келген табиғат үшін үлкен өзгеріс», — деді Әбілғазы Құсайынов. Көптеген елдерде жасыл технология өндіріске енгізілмей келеді, тіпті, оны жатырқап отырғандар қаншама? Табиғи ресурстар кешенін біріктіретін ортақ термин – экологияны күйзеліске ұшыратқан мұндай күрделі жағдай амалсыз ертеңгі күнің туралы алаңдатады. «Экология – біздің ортақ үйіміз, ғаламшарымыз туралы ғылым. Ғаламшарымыз жалғыз, сондықтан оны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек», — дейді кандидат.

Өз сөзінде Ә.Құсайынов әрбір азаматты экология мәселесіне белсене араласуға шақырды. Экологиялық тепе-теңдікті сақтау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұстану идеясын насихаттауда азаматтық қоғам өкілдерінің рөлі орасан. Қоғамдық ұйымдар бұл жұмысқа білек сыбанып кірісуі керек. Экология мен табиғатты қорғау мәселесінде азаматтық белсенділікті дамыту қажет. Адамдар саналы түрде экологиялық тепе-теңдікті сақтап, табиғаттың шынайы келбетін сақтау қажеттілігін сезінулері керек.

* * *

ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Атырау қаласының жұртшылығымен кездесті. Жұртшылықпен кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов жиын қатысушыларын экологияның қазіргі проблемаларын қозғайтын сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Сонымен қатар, қала жұртшылығы алдында аймақтық штаб жетекшісі Садыржан Жекенов сөз сөйледі. «Біз туындаған экологиялық сын-қатерлерге дер кезінде тойтарыс беріп, қоршаған ортаның ластануы, су мен топырақтың құнарсыздануы сынды мәселелерді тез арада шешуіміз керек. Ең бастысы, бұл проблемалардың туындауына жол бермеу маңызды. Бұл жерде азаматтардың өзі де саналы түрде түсіністік танытулары қажет. Экологиялық-ағартушылық қызметке де ерекше назар бөлген жөн. Біз экология туралы білімді, қауіпсіз, әрі экологиялық таза ортада өмір сүру қағидаларын, табиғат пен адамзатты қоршаған орта туралы білімді қоғам санасына сіңіре білуіміз керек», — деп атап өтті С.Жекенов.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button