Жарнама
Саясат

Тиімді басқару жүйесінің жаңа форматы

Соңғы кездері елімізде Президент тапсырмасына байланысты сайлау жүйесіне бірқатар жаңашылдық енгізілді. Кез келген саяси жаңғырудың басты мақсаты – азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру. Бұл бағытта бүгін өтіп жатқан аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлаудың бірнеше ерекшелігін атап өткім келеді.

Мұндағы бірінші талап – кандидаттың міндетті түрде жасы 25 жастан жоғары болуы тиіс. Екінші – оның мемлекеттік қызметте жұмыс істеуі міндетті емес. Яғни, кез-келген салада жұмыс істеген азамат өзінің кандидатурасын ұсына алады. Кемінде 50 адамы бар ұжымды 2 жыл басқарған болуы тиіс.

Жалпы, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлау – азаматтардың конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін арттыруға, халықтың билікке деген сенімін және әкімнің халық алдында есеп беруін күшейтуге, әкімнің халықтың қажеттіліктері мен проблемаларына ден қою жеделдігін арттыруға, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді. Дегенмен халық бұл сайлауда жершілдік, рушылдыққа бұра тартпай әділ шешім шығарып, ел дамуы үшін еңбек етуге дайын кандидатты таңдай алса ұтары көп болмақ. 

2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Аймақтағы атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігін біртіндеп арттыру да маңызды. Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тұрғындар өздері сайлай бастағанына екі жылдан асты. Содан бері ауылдық деңгейдегі әкімдердің төрттен үші сайланды. Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлап көреміз» деген болатын.

Президент пәрменімен жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалардың түпкі мәні де азаматтарды ел басқару ісіне көптеп тарту екені анық.

Ауыл әкімдерін сайлау – қазақстандықтардың саяси мәдениетін қалыптастырып, қоғамдық өмірге белсене араласуына жақсы ықпал етті.

​Енді аудан басшыларын таңдау да жауапты іс. Жергілікті халық аймақ басқаратын адамды таңдау үшін жауапты, ал әкім халық алдында есеп беруге міндетті болады.  

Айжан ҚАРАБАЕВА,

«AMANAT» партиясы атынан сайланған 

Атырау облыстық мәслихатының депутаты

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button