«АТЫРАУ-АСТРАХАН» ТАС ЖОЛЫ
Баяндамашының айтуынша, республика көлемінде көлік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мерзімге қабылданған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттің есебінен соңғы үш жылда (2013-2015) облыста да ауқымды шаралар жүзеге асырылған.
Осылайша, тек ағымдағы жыл басынан бері жалпы ұзындығы 126 шақырым жол жөнделген. Өткен жылдары «Атырау-Индер» тас жолының 20-100 шақырым аралығы күрделі жөндеумен қамтылса, биыл 100-170 шақырым аралығын қамтитын бөлігі бойынша жұмыстар жалғастырылып, аяқтала келген.
Мұның сыртында, қайта жаңғырту бағдарламасымен ел қазынасынан қаралған қаражатқа жөнделуі жоспарланған облыстық маңыздылықтағы «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автожолының Миялы-Сағыз аралығын байланыстыратын 114 шақырымы алдыңғы жылы пайдалануға берілсе, 123 шақырымды құрайтын «Қарабау-Миялы» бөлігіндегі қайта жаңғырту жұмыстары жалғастырылуда.
Өңірімізде кіші авиацияны және шалғай елді мекендермен қатынасты жақсарту үшін Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан, Құрманғазы ауданындағы Сүйіндік ауылынан, сондай-ақ, Миялы селосынан соған лайықталған әуежай құрылыстарын салу жоспарлануда.
2016 жылы республикалық маңыздылықтағы «Атырау-Астрахан» күрежолының құрылыс жұмыстары басталмақ. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын бұл жоба бойынша жоспарланған жұмыстарды атқаруға алты бірдей мердігер мекеме тартылады. Құрылыс-монтаж жұмыстары келер жылдың ортасынан әрмен қарай басталып кетеді деп межеленген.
Дәулетқали АРУЕВ.
Облыс аумағындағы автомобиль
жолдарының жалпы ұзындығы
3051, 6 шақырымды құрайды.
2061,6 шақырымы облыстық және аудандық маңызы бар жолдар болып есептелінеді.
875 шақырымы немесе 42 пайызы – қанағаттанарлық, 1186,6 шақырымы немесе 58 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда деп бағаланып отыр.