Жарнама
Саясат

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталды

Мемлекет мұқтажы үшін
жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16, 81, 84-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабына сәйкес, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «DAKO KZ» жауакершілігі шектеулі серіктестігінің жеке меншік құқығындағы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бақсай ауылдық округі шегінің босалқы жерінде орналасқан көлемі 65,0 га, кадастрлық нөмірі 04-065-017-187 жер учаскесін пайдалы қазбалардың кен орнын игеру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. 2024 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылсын.
  3. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскесінің меншік иесі жүгінетін орын: Атырау қаласы, Әйтеке би, 77, «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  4. «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  5. Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 шілдедегі №160 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысының күші жойылсын.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Облыс әкімі С. Шәпкенов

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button