АТЫРАУДА ДЕНСАУЛЫҒЫ КӨТЕРМЕЙТІН САЙЛАУШЫЛАР ҮЙДЕН ДАУЫС БЕРУДЕ

9f64ed54c45a05a9a9c083cd3de1c81b original.32901 Саясат

Денсаулығына немесе науқасты күтуіне байланысты учаскеге келе алмайтын тұрғындар үшін арнайы жағдай жасақталған, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов онлайн брифингте айтты.

«Салмақты себептермен сайлауға аяқтай келіп қатыса алмайтын тұрғындар сағат 12:00-ге дейін өтініш беруі керек. Содан кейін олардың тұрғылықты мекен-жайларына жылжымал жәшіктерді апару ұйымдастырылады. Сондай-ақ, шалғайда орналасқан 12 елдімекен үшін де осындай жағдай қарастырылған. Сондай-ақ, учаскеге келіп тұрып дене қызуы жоғары болған сайлаушыларға да арнайы дауыс беретін бөлек орын қарастырылған» деді комиссия төрағасы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз