Күнтізбеге Қымыз күні енгізілуі мүмкін

22 fb Жаңалықтар

Алдағы уақытта Қазақстанның күнтізбесіне қымыз күні мерекесі енгізілуі мүмкін. Халық қалаулылары бұл мерекенің ресми мамыр айының соңғы сенбісінде тойлануы мүмкін екендігін айтуда.

l87C1In4NDqdPg8gXFH6Vpzk69aNVU

Елбасының өзі «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын қазақтың атқа міну мәдениетінен бастаған болатын. Мақалада жылқы түлігінің қасиетіне ерекше назар аударылды. Осыдан үш жыл бұрын бірнеше мемлекеттен арнайы өкілдердің қатысуымен бүкілғаламдық қымызмұрындық дәстүрі халықаралық деңгейде аталып өткен еді. Кешегі индустрияландырудың екінші бесжылдығына арналған телекөпір барысында Президенттің түйе мен бие сүтін экспортқа шығаруға рұқсат беруі де тегін емес. Қымыз бен шұбат тек шөл қандырар сусын ғана емес, ежелден емдік қасиетімен ерекшеленген дәрумен десе де болады. Ата-бабаларымыз әйел адамның қабілетін де қымыз әзірлеуіне қарап бағалаған. Ал, ақты төгу қазақ халқы үшін күнә саналған.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз