Жолдың жайы жақсаруда

azamat nyisanbay Саясат

Көлік тасымалының даму қарқынын арттыруда соңғы бірнеше жылда елімізде 2400 шақырымнан аса автокөлік жолдары пайдалануға берілді.

азамат нысанбай

Ал, облыс көлемінде өткен жылы 104 шақырымнан астам облыстық маңызы бар жолдар жөнделсе,  Атырау қаласында 267 шақырым қалалық маңызы бар жолдар жөнделіп, 431 көше қамтылды.  Биыл бұл жоспарда 280 шақырымнан аса автомобиль жолы мен 220 көше бар.  Сондай-ақ, «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамытуда республикалық маңызы бар «Ақтөбе–Атырау–Астрахан» бағытындағы жолды қайта жаңарту жұмысы қолға алынды. Жобаны екі бағытта жүзеге асыру жоспарланып, «Атырау–Ақтөбе», «Атырау–Астрахан» бағытындағы жол учаскелерінде құрылыс жұмыстары жасалуда. Облыстағы транзиттік көлік ағынын реттеп, үздіксіз жол қатынасын қамтуда ұзындығы 27 шақырымды құрайтын Атырау қаласының Солтүстік айналма автомобиль жолы мен ұзындығы 5,5 шақырымды құрайтын Доссор кентінен айналма жол жұмыстары жобаланды. Мұның барлығы қазақстандықтардың тұрмыс сапасы мен табысының артуына көмек болады. Өйткені, сапалы жол елді мекендер мен қала арасындағы байланысты арттырады.  Экономиканы жандандыруға ықпал етіп, бизнестің дамуына да тың серпін берері сөзсіз.

Елбасы Жолдауындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді орта қалыптастыруда пандустар мен арба жолдары да салынады.  Бұл мәселе барлық құзырлы мекемелердің басты назарында болуы тиіс.

Азамат НЫСАНБАЙ,

«Атырауинждорстрой» серіктестігінің

бас инженері.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз