Жарнама
Құқық

Үздік қарауыл бастығы

Әскери қызмет!  Аса жауапты міндет екені ежелден бізге аян.  1992 жылы 10 қаңтарда құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы адам құқығын қорғап қазірде елге мүлтіксіз 32 жыл қызмет етіп келеді. Осы орайда Атырау қаласындағы ҚР Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінде  сонау 2009 жылдан бері қарай қызмет Атқарып келе жатқан үздік қарауыл бастығы сержант Қанатқалиев Төремұрат Елемесұлы жайлы айтқымыз келеді.  Қанатқалиев Төремұрат Елемесұлы 1982 жылы 6 наурызда  Атырау қаласы Жұмыскер ауылында дүниеге келген. Өмірімді әскери қызметпен ұштастырғаныма еш өкінген емеспін дейді Төремұрат Елемесұлы. Осы қызметте жүріп 2015 жылы шаңырақ көтерді, қазірде 4 бірдей перзенттің әкесі. Отбасым менің ең үлкен қолдаушым, әскери қызметімді барынша жақсы атқаруыма үлкен себепкер солар, қазір үздіктер қатарында жүргенімде отбасымның арқасы деп білемін дейді Төремұрат Елемесұлы. Әскери қызметімді өзім туған Атырау қаласында атқарып жүргеніме өте қуаныштымын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button