Қазақстанның екі азаматы Мәскеуде өлі күйінде табылды

Жаңалықтар

Мәскеуде Қазақстанның екі азаматы «ГАЗель» автокөлігінде өлі күйінде табылды. Зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған деп хабарлайды РЕН ТВ арнасына сілтеме жасап NUR.KZ. 

pogudx1jm67jd0sll.a274ff28

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, көлікте табылған қазақстандықтар Дмитровск ауданына тауар алуға барған.

 Тапсырыстарын уақытында алмаған соң, сатушылар оларды іздей бастайды. Журналистерге хабар берушілер азаматтардың газбен уланғанын алға тартып отыр.

34 жастағы Виктор М. мен 20 жастағы Алексей Б. есімді ер адамдарды полиция қызметкерлері «Деловые Линии» компаниясының автотұрағында тауып алған.

Құқық қорғау органдары аталмыш факт бойынша тергеу жүмыстарын жүргізіп жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз