Терроризммен күрес күшейеді

6d73e0a5a260bbbf04fa2ad51a8e45ac XL Жаңалықтар

Атырау облысының прокуратурасы терроризмге қарсы күрес жариялады. Жергілікті депутаттық корпусты жаңа жобамен облыс прокурорының орынбасары Серік Шалабаев таныстырды.

6d73e0a5a260bbbf04fa2ad51a8e45ac_XL

Ақтөбедегі қанды оқиғалардан кейін ведомствоаралық топтар өткен жылы жеті бағыт бойынша жұмыс істеді. Жалпы саны 145 мың адамды қамтыған 2,5 мың шара өтті» деген  уәкілетті орган өкілі Серік Шалабаев енді мұндай оң тәжірибенің Атырау аймағында да жүзеге асырылатынын  хабарлады. Бірінші бағыт бойынша, түсіндіру жұмыстары негізінен әйелдер жамағатымен, дәстүрлі емес ағым жетегінде жүргендермен, бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдармен, мешіт жамағаттарымен және шет елде  білім алып жүргендердің туыстарымен арада жүргізілетін болады.

«Екінші бағыт бойынша, бизнесті дамытуға күш салынады. Бұл ретте кәсіпкерлердің қызметін реттейтін құқықтық нормативтік актілерді қолдану кезінде туындайтын қиыншылықтар, кемшіліктермен бірге, әкімшілік кедергілерді анықтауға күш салынады. Үшінші бағыт – халық арасындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысу. Яғни, азаматтардың шынайы әлеуметтік проблемалары, қажеттіліктері анықталады. Төртінші бағыт бойынша, шалғай елді  мекендерге теологтардың сапары ұйымдастырылады. Білікті мамандар мешіт қызметкерлері үшін тренингтер, жамағатпен кездесу өткізеді» деп атап айтты облыс прокурорының орынбасары.

Сондай-ақ, лаңкестік актілер орын ала қалған жағдайда азаматтар қандай әрекеттер жасауы керек деген мәселе тұрғысында, дәстүрлі медиада, интернет кеңістікте, әсіресе, әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс күшейтіледі.  халық көп шоғырланатын нысандардың қауіпсіздік деңгейін анықтау жұмыстары қоса жүргізіледі. Депутаттар тарапынан қолдау  тапқан жаңа күрес бағдарламасына  барлық құзырлы органдар жұмылатын болады.

Айта кетелік, облыстық мәслихаттың Х сессиясына аймақ басшысының бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев қатысып, көктем шығып, қардың еруіне байланысты аудан әкімдерін су басу қаупінен сақтандыру жұмыстарына сергек қарауды тапсырды.

Баян Жанұзақова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз