Жарнама
Құқық

Атырауда «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

Атырау облысы аумағында 13-14 қыркүйек күндері республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі. Аталған іс-шара халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қоғамдық және жол қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мәселесі бойынша тұрғындарды ақпараттандыруға, құқықтық білімдерін жетілдіруге, сондай-ақ, көші-қон заңнамасын түсіндіру мақсатында қолға алынады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Жолда қабылдау» акциясының ерекшелігі – мұнда кез-келген тұрғын құзырлы орган өкілдеріне көкейкесті сауалдарын қоя алады.

Акция 13 қыркүйек күні Атырау қаласында «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» республикалық маңызы бар тас жолының 576 шақырым тұсы (Қарабатан), Атырау қаласының барлық білім беру мекемелерінің маңында сағат 08:30-18:30 аралығында өтеді. Сондай-ақ бұл жұмыс 14 қыркүйекте осы мекен-жайларда көрсетілген уақыт аралығында ұйымдастырылады.

Қ.ШӘКІРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button