Құтқарушылар тереңдігі 2 метр шұңқырдан сиырды алып шықты (ФОТО)

20170910182518 Жаңалықтар

Атырау облысында Батыс құтқару жасағы 2 метр тереңдіктегі шұңқырға түсіп кеткен сиырды алып шықты. Бұл туралы редакциямызға Батыс құтқару жасағының бөлімше командирі Александр Качалов айтып берді.

20170910182518

Оқиға былай өрбіген. Атырау қаласы маңындағы Балауса поселкесінде құрылысы жүріп жатқан үйдің иелері шығып кетіп, қайта келгенде тереңдігі 2 метр болатын септикке сиыр түсіп кеткенін көреді. Олар Батыс құтқару жасағына сол бойда хабарласады.

20170910181936

– Біз айтылған жерге келгенде үй иелерінің айтуынша, сиыр шұңқырда 6 сағаттай тұрған. Құтқару жұмыстарына өрт сөндіретін апаттық-құтқару автокөлігі қатысты, – дейді бөлімше командирі Александр Качалов.

20170910181927

Қызметкерлердің бірі етік киіп шұңқырға түсіп, арқан кигізіп, содан соң жануарды кранның көмегімен жоғары тартып шығарды.

20170910181923

Александр Качаловтың айтуынша, сиырға ешқандай зақым келмеген.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз