image 12 03 20 06 22 2

Атырауда полицейлер белдік тақпаған жүргізушілерді жауапқа тартуда (+ФОТО)

Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Құқық

Atr.kz/12 наурыз, 2020 жыл. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлім етуінше, «Ауыр жүк көлігі» жедел-профилактикалық шарасы барысында  47  жүргізушіге хаттама толтырылды.

11-13 наурыз аралығында өтіп жатқан аталмыш іс-шараның алғашқы күні полиция қызметкерлері жүк көлік жүргізушілеріне қатысты  47 әкімшілік хаттама толтырды. Анықталған құқықбұзушылықтар қатарында  көлікті міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізбеген, маневр жасау қағидаларын бұзу, көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефонмен сөйлесу, ақауы бар көлік құралын басқарған, жол белгілері талаптарын сақтамаған, сыртқы жарық түсіру аспаптарын қолдану қағидаларын бұзған, көлікті құжатсыз  басқарған, жолдарды бүлдіргендермен қатар,   қауіпсіздік белдігін  тақпаған 11 жүргізуші бар.

Қала  аумағындағы  автожолдардың  сапасын, қала тазалығын сақтау  мақсатында өтіп жатқан  бұл шараға көліктік бақылау  инспекциясы мен экология департаменті  қызметкерлері де   қатысуда.

Айбөпе САБЫРОВА

image 12 03 20 06 22 1
image 12 03 20 06 22

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған