Құқық
Атырауда «Заңсыз келуші-2024» іс-шарасы басталды
Бүгін облыста республикалық «Заңсыз келуші-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алды. Аталған акция қоғамдық тәртіпті сақтау, ел аумағында заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау және көші-қон заңнамасын бұзуға байланысты құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатын көздейді.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара барысында құқық қорғау органдары көші-қон заңнамасын бұзғандарды жауапкершілікке тарту және сот шешімдерін орындамаған шетелдіктерді анықтауға ерекше назар аударуда. Осылайша құзырлы орган өкілдері көші-қон қауіпсіздігін күшейтуді және шетел азаматтарының ел аумағында заңды тәртіпте болуын қамтамасыз етуге жұмылуда. Бұл жұмыс 18 қазанға дейін жалғасады.
А.НӘСІПҚАЛИ