Құқық

Теміржол – ойын алаңы емес

Атырауда «Абайлаңыз, балалар!» республикалық акциясы өткізілуде. Аталған іс-шараны Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімі қызмет көрсету нысандарында көліктегі ішкі істер органдарының барлық күштері мен құралдарын жұмылдырып ұйымдастыруда. Мамырдың 20-сында бастау алған акция айдың соңына дейін жалғасады.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды ескерту және алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу – іс-шараның басты мақсаты. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алуда аталған акцияның маңызы зор.

Акция аясында Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды, теміржол маңында ашық ойындарды ұйымдастырмауды, теміржол бойынан белгіленбеген жерден және вагон астынан өтпеу қажеттігін қатаң ескертеді. Бұдан басқа пойыз жүріп бара жатқанда отыруға немесе түсуге болмайтынын, темір жол көлігі толық тоқтаған кезде ғана түсу керектігі сияқты ережелерді еске салуда.

Сондай-ақ,  сағат 23:00 ден 06:00-ге дейін заңды өкілінің, ата-анасының қадағалауынсыз жасөспірімдердің түнгі уақытта үй жайдан тыс жерде жүрмеу керектігін ұмытпау керек. Атырау станциясы желілік полиция бөліміне  қарасты қызмет атқару аймағында қадағалаусыз жүрген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді анықтаған жағдайда, олардың ата-аналары               тиісті заңдылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button