Беташар жасап, төтенше жағдай режимін бұзған әйелге қандай үкім шықты?

200415131955366a3638333i COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/15 сәуір, 2020 жыл. Маңғыстау облысында беташар жасаған тұрғынға сот үкімі шықты.

Маңғыстау ауданы Оңды ауылының тұрғыны 26 наурыз күні келін түсіріп, үй ауласында 40-қа жуық адамға беташар жасаған болатын. Төтенше жағдай режимін бұзған әйелге қатысты әкімшілік іс Маңғыстау аудандық сотында қаралды.

Сот «TrueConf» мобильдік қосымшасы арқылы онлайн режимінде өтті. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабының 6-тармақшасымен кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 27 780 теңге айыппұл төлеуге жазаланды.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз