Атырауда тұрғындар той-садақада жүр…

iftsmrqyua4 COVID-19: Соңғы поштадан...

Облыста қауіпті індет жұқтырғандардың саны 9 пайызға көбейген. Бұл ескертулерге қарамастан, тұрғындардың той-садақаға көптеп баруы салдарынан болып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен отырыста айтылды.

О б л ы с т ы ң б а с м е м л е к е т т і к санитариялық дәрігері Мәдениет Танауов коронавирус ауруының ж ұ қ т ы р у к ө з д е р і н п а й ы з д ы қ көрсеткішпен жеткізді. Олардың ішінде, науқаспен жақын қарымқ а т ы н а с т а б о л ғ а н д а р 2 2 , 5 % , қоғамдық көлікте жүрумен байланысты 7,2%, адамдар көп жиналатын орындарға бару 26,9%, вахталық кенттерде жұмыс істейтін және тұратын жері бойынша 43% құрайтыны айтылды.

  • – Ж ы л б а с ы н а н б е р і 6 5 4 6 рейдтік тексеріс өткізіліп, 27296 нысан қамтылды. Облыс бойынш а м о н и т о р и н г т і к т о п т а р 2 1 3 құқық бұзушылықты анықтаған. Н ау р ы з а й ы н д а 6 4 а н ы қ т а л ғ а н бұзушылықтар бойынша шағын және орта бизнес объектілеріне және жеке тұлғаларға 3 млн. 853 мың теңгеге 49 айыппұл салынды. Бұл айда адамдардың отбасылық шараларға көптеп қатысуы салдарынан ауру 18 пайыздан 26,9 пайызға жоғарылаған, – деді облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Мәдениет Танауов.

Ө ң і р б а с ш ы с ы М а х а м б е т Досмұхамбетов аудан әкімдерінен өз аумақтары бойынша ахуалды жеке сұрап, сақтық шараларын күшейтіп, бақылауды тікелей өз құзыреттеріне алуды қатаң тапсырды.

  • – Жағдайды қатаң бақылауда ұстау керек, қажет болған жағдайда белгіленген алго – ритмге сәйкес сақтық шараларын күшейтуді тапсырамын. Ә р и н е , ө н д і р і с , к ә с і п о р ы н , басқа да бизнес жұмыстарының қажеттілігін түсінеміз. Дегенмен адам денсаулығы басты орында е ке н д і г і н ұ м ы т п ау ғ а т и і с т і м і з . Мониторингтік топ осыны халыққа т ү с і н д і р у г е м і н д е т т і , – д е д і Махамбет Досмұхамбетов.

К ү н т ә р т і б і н д е ө ң і р д е г і денсаулық саласының жағдайы мен эпидемиологиялық ахуалы туралы көтерілген жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, онлайн форматта аудан әкімдері қатысты.

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз