Жарнама
Қоғам

Тіл үйренем десеңіз…

Атырау облысындағы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында ашық есік күні өтті. Бұл іс-шараға тіл үйренуге қызығушылық танытқан тұрғындар, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты. Іс-шара мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, қоғамда көптілділікті дамытуға бағытталған.

8786eec1 32e4 4fae 95cf c37f5c64e7df

Ашық есік күні аясында қонақтар үшін арнайы көрме ұйымдастырылып, орталықтың қызметі туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, «Тілді оқытудағы заманауи платформалар, тиімді тәсілдер» атты тренинг өткізілді. Бұл тренингте оқыту процесіндегі цифрлық құралдар мен инновациялық әдістердің маңыздылығы талқыланды.
Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі – қазақ тілі оқытушылары арасындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқаудың бас жүлдегері Қайырбек Кенжәлиевтің дәрісі болды. Ол жасанды интеллектті пайдалану арқылы тіл үйренудің заманауи әдістерін, атап айтқанда, сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу дағдыларын дамыту жолдарын баяндап берді.
«Біздің орталық ешкімнің әлеуметтік жағдайына, жасына немесе кәсібіне қарамастан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйретуге әрдайым дайын. Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту ғана емес, сонымен қатар мекемелердің ынтымақтастықта жұмыс істеуге қызығушылығын арттыру болды. Бұл іс-шара мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып, мекемелер арасында тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Орталық мекемелер арасында әріптестік қарым-қатынас орнатып, тіл үйрету саласындағы тәжірибемен бөлісуге әрдайым дайын», – деді «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы басшысының міндетін атқарушы Лаура Ғазизова.
Орталық жұмыс істеген жылдар ішінде 2545 ересек азамат өздерінің тілдік құзыреттіліктерін арттырған. Қазір мұнда 106 адам қазақ тілін, 69 адам ағылшын тілін меңгеруде. Ашық есік күні орталықтың қоғам үшін маңыздылығын тағы бір рет дәлелдеп, заманауи оқыту әдістерін қолданып, көптілді білім беру саласында табысты жұмыс атқарып жатқанын көрсетті. Бұл бастама өңір тұрғындары арасында тіл үйренуге деген қызығушылықты арттырып, мемлекеттік тілді дамытуға жаңа серпін бермек.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button