71831774 808348946266440 3518429611086053376 n

Атыраулық жастар сексен жастағы қарияға үй сыйлады

Адамгершілік айнасы Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/11 қараша, 2019 жыл. Атырау қаласы маңындағы Жаңаталап ауылының жастары жасы 80-ге таяған қарияға үй салып берді. Бұл туралы қайырымдылықты ұйымдастырушылардың бірі Оразов Алтынбек айтып берді.

«Рамазан айында ауыл үлкендеріне ас берген едік. Сол кезде көмекке мұқтаж отбасыға қаржылай көмек көрсетілді. Содан кейін үлкендермен ақылдаса келе, Айша анамызға үй салып беруді қолға алдық. Біздің бар ойымыз, мұқтаж жандарға көмек көрсету болды» дейді ол.

Айша Құнанова көп жылдар бойы мектепте еден жуушы болып жұмыс істеген. Қария екі қызымен және жиенімен бірге осы уақытқа дейін ағасының үйінде тұрып келген екен. Отбасыға кіретін бар табыс тек анамыздың зейнетақасы көрінеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аумағы 72 шаршы метр үйді салуға мешіт имамдары мен кәсіпкерлер қолдау көрсеткен екен. Екі бөлмелі үйде ұйымдастырушылар барынша қолайды жағдай жасаған.

«Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Мұндай игі істі алдағы уақытта да жалғастырғымыз келеді. Сауапты іске барлық жастардың осылай атсалысқанын қалаймыз», – дейді ауыл жастары.

Дереккөз: ATPress.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған