«Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

20180410003523 Қоғам

«Атырау» футбол клубының бас бапкері Вахид Масудов қызметінен кетті.

20180410003523

59 жастағы Масудов командамен жұмыстан еш нәтиже шықпаған соң, осындай қадамға барған. Команда мүшелері бастапқы төрт турда 4 рет жеңілді. Осындай сәтсіз бастамадан кейін «Атырау» клубының басшысы өз еркімен кету жөнінде өтініш берген.

Қазір «Атырау» клубына жаңа бапкер іздестірілуде. Бас бапкер қызметінен үмітті бірнеше адамның есімі аталды. Олардың арасында «Шахтер» мен «Ордабасы» командаларының бұрынғы бапкері Виктор Кумыков та бар.

Хорлан СМАДИЯР

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз