Жарнама
Қоғам

ТАБЫСТЫ ЖҰМЫС – ТАЛАП ҚОЮДАН

 

Осы ретте, салық органдарымен өзара байланысты шаралар, көлеңкелі экономикаға қарсы шараларды орындау, салықтық емес түсімдердің көздерін анықтау маңызды. Салықтық емес түсімдер жергілікті атқарушы органдардың қызметіне байланысты, олар: коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері, коммуналдық меншік мүлкін жалға беруден түсетін кірістер, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен алынатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер, басқа да түсімдер.

Айтылғандар, негізінде, мемлекеттік кәсіпорындардың тиімділігін арттырып, табысты жұмыс жасауын қамтамасыз ету шараларын жалғастыру қажет. Ол үшін талдау, есептілік пен мониторингті уақытында өткізу үнемі бақылауда болады. Коммуналдық меншіктегі бос орынжайларды жалға беру арқылы, жарамсыз автокөліктерді және басқа да мүліктерді саттыққа шығарып, сату арқылы бюджетке түсімдер түсіру, т.б. қосымша көздер іздестіріп, нақты жұмыстар жүргізуді қажет етеді.

2014-2015 жылдары барлығы 1 ұйым және 63 автокөлік сатылып, бюджетке 24 350 мың теңге түссе, коммуналдық меншіктегі бос орынжайларды жалға беруден 102 827 мың теңге түсті.

2016 жылы да бюджет түсімдерін қамтамасыз ету мақсатында 1 ұйым және 54 автокөлік саттыққа шығарылып және орынжайларды жалға беру жалғасатын болады.

Сонымен қатар, бюджеттің уақытында игерілуі мен тиімді басқарылуы қазіргі дағдарыс кезеңінде маңызды шара болып отыр.

Соңғы жылдары бюджетті басқару тиімділігін бағалау жүйесі енгізілді. Соған сәйкес жоспарланған қаржылар нәтижеге бағдарланып, нақты көрсеткіштерге уақытында қол жеткізу міндеттелді.

Жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімгерлері Бюджеттік бағдарламаны бекітіп, онда бюджет қаржысының нақты мақсаттары, көрсеткіштер мен нәтижелердің сандық өлшенетін шамалары сапалы жоспарланып, жылдың қорытындысымен сол нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету керек.

Қаржы министрлігінің жүргізген бағалау көрсеткіштері қаржыны жоспарлау мен орындауда көптеген кемшіліктердің орын алатынын анықтап отыр. Соған байланысты, Бюджет кодексі бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жауапкершілігін арттыру жөніндегі нормалармен толықтырылды: бюджеттік бағдарламаны сапасыз жоспарлағаны және оның нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін – бюджеттік бағдарлама басшысының; бюджеттік өтінімнің негізділігі мен осы өтінім есептеулерінің дұрыстығы үшін – бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының; бюджет қаражаты толық игерілген жағдайда бюджеттік бағдарламаның нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысының; нәтижелерге қол жеткізбегені, жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттерді толық игермегені үшін – әкімдердің, төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысының тәртіптік жауапкершіліктері енгізілді.

Осы ретте, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары бюджет қаржысының сапалы жоспарланып, нақты игерілуіне жауапкершілікпен қарап, тиісті жұмыстар жүргізуді қолға алулары қажет.

Б.ЖЫЛҚЫБАЕВ, Атырау облысы қаржы басқармасының басшысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button