main40992126 891cb302f8950966c7c4811e8560fb2d

Қазақстан күніне 1 миллион маска өндірмек

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/20 наурыз, 2020 жыл. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов медициналық маска мәселесі Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күнде Қазақстанда 365 мың маска шығарылады. Алдағы күндері өндіріс көлемін күніне 1 млн данаға дейін жеткізуді нақты мақсат етіп қойдық. Оған жеткіземіз де», – деді Ералы Тоғжанов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен онлайн режімдегі брифинг барысында.

Осылай дей келе Ералы Тоғжанов көнеден келе жатқан «үш сынақ» өсиетін еске алды.

«Құрметті отандастар, бүгінгі әлеуметтік-экономикалық жағдай барша мемлекеттер үшін үлкен сын сағаты болып отырғаны белгілі. Өткен бабаларымыздан қалған үш сынақ қағидасы бар: бақ сынағы, қиыншылық сынағы, өлім сынағы деген.

Бүгінгі жағдай адам баласына ғана емес, мемлекетімізге, тәуелсіздігімізге түскен сынақ болып отыр. Ұлтымыз өз тарихында бұл сияқты сынақтардан қаншама рет ауызбіршіліктің арқасында өткен, адамгершілік арқасында халық болып жабыла көтерген. Бүгінгі ұрпақ та бірлесе жұмыла отырып, ортақ шешімдеріміздің арқасында барлық мәселелерді еңсеретінімізге толықтай сенеміз», – деді вице-премьер.


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған