Жарнама
Қоғам

Қазақстанда кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу қажет

Бұл туралы Атырау көлік және коммуникация колледжінде өткен «Баланың бақытты мекені – отбасы» тақырыбындағы «дөңгелек үстелде» айтылды.

 Республикадағы Ұлттық бала асырап алу агенттігі ұйымдастырған басқосуда Қазақстанда кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу қажеттілігі жан-жақты түсіндіріліп, осы бағыттағы заң жобалары мен алдағы өзгерістер туралы ақпарат берілді.

Бүгінде елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі өзекті. Сондықтан аталмыш «дөңгелек үстелге» білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік жұмыспен қамту басқармаларының, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері, сондай-ақ баланы асырап алуға ниетті азаматтар мен түрлі ұйымдардың мамандары қатысты.

Іс-шарада Қазақстандағы балалар үйін қалыптастырудың жаңа жолдары мен мүмкіндіктері талқыланды. Бұл ретте ерекше атап өту қажет жайт — заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында қабылданды. Бұл қадамның еліміздің әлеуметтік саясаты үшін маңызы зор екені айтылды.

«Дөңгелек үстелде» кәсіби қабылдаушы отбасылар институты жайлы қызу пікірталас болды. Қатысушылар отбасыларға төленетін қаржылық көмек, ата-аналардың жұмысын үйлестіру мәселелері мен бұл институттың қоғамдағы орны туралы сұрақтар қойды.

Кәсіби қабылдаушы ата-ананың педагогикалық білімнің болуы жөнінде сауалдар талқыға түсті.  –Кәсіби қабылдаушы ата-ананың педагогикалық білімінің болуы ең маңызды фактор емес. Алайда, терең психологиялық диагностика мен арнайы оқытудан өте маңызды. Бұл үдерісті жүзеге асыру үшін агенттік үміткерлерге психологиялық талдау жүргізеді, содан соң олар арнайы дайындықтан өтеді және сертификат алады, — деді Ұлттық бала асырап алу агенттігінің басшысы Фарида Рахметова.

Кәсіби қабылдаушы отбасыларға қатысты нақты талаптар мен талапкерлерді даярлау әдістері туралы толық ақпарат берілді. Жиында бала асырап алу және отбасы құру үрдісіндегі құқықтық мәселелер, қажетті біліктіліктер мен талаптар ашып көрсетілді. Бұл іс-шара мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы диалогты нығайтуға және кәсіби қабылдаушы отбасы институтын дамыту жолында маңызды қадам жасауға септігін тигізді.

Іс-шараның қорытындысында кәсіби қабылдаушы отбасы институтының маңыздылығы мен оның жанұяға деген ықпалы жан-жақты талқыланып, мемлекеттік органдарға осы саладағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button