Жарнама
Қоғам

Қазақстан әлеуметтік-экономикалық өрлеу жолында

Өткен жыл еліміз үшін өте маңызды болды. Президент өз сұхбатында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ табиғи апаттарға қарсы атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі баяндады. Мәселен, елімізде көптеген инженерлік инфрақұрылым жобалары іске асырылды, 18 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды, 7 мың шақырымнан астам автожол жөнделді. Сондай-ақ Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларында жаңа әуежай терминалдары ашылды.

Президент 2024 жылды Қазақстан үшін айрықша маңызы бар кезең ретінде атап, еліміздегі экономикалық реформаларды жалғастыру, әлеуметтік жағдайды жақсарту бағытында бірқатар бастамаларды іске асырудың маңызды екенін айтты. Мысалы, Ұлттық қордан балаларға төлемдер басталды, зейнетақылар мен жәрдемақылар көтерілді, мыңдаған жаңа мектептер мен балабақшалар салынды.

Сонымен қатар, өткен жылы елімізді табиғи апат – су тасқыны үлкен сынаққа салды. Бұл апаттың салдарын жою үшін мемлекет айтарлықтай шаралар қабылдады. 63 мың адам жедел көмек көрсету үшін жұмылдырылды, көп азамат құтқарылып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Президенттің айтуынша, бұл жағдай еліміздегі су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайларды болжау жүйесін жаңғыртуға қажеттілік тудырды.

Президент сондай-ақ еліміздің халықаралық аренадағы рөлін де атап өтті. Геосаяси ахуалға қарамастан, Қазақстан бейбітшілік пен диалог орнату жолында өзінің ұстанымын нығайтып, әлем елдерімен бірге су қауіпсіздігі мен климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелеріне белсенді түрде қатысуда.

Бұл сұхбат Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық дамуының маңызды кезеңдерін, сондай-ақ қоғамның бірлігін арттыру және төтенше жағдайларға төтеп беру бағытында атқарылған жұмысты көрсетеді. Әр мұғалім ретінде біздің міндетіміз – бұл реформаларды түсініп, келешек ұрпаққа еліміздің дамуына бағытталған қызметтер мен жетістіктерді жеткізу.

Зейнолла ШАЛИКОВ,

Қызылқоға ауылдық округінің әкімі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button