Атырау облысы тұрғындарының назарына!

prararar Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі М.Ж.Досмұхамбетовтің «Атырау облысының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған жоспарлары туралы» облыс тұрғындары алдындағы есепті кездесуі 2021 жылғы 17 ақпанда сағат 10.00-де онлайн режимде өтетінін хабарлаймыз.

Есептік кездесу облыстық «Қазақстан-Атырау», «Caspian News» телеарналары, сондай-ақ, Facebook (Атырау облысының әкімдігі), Instagram (@atyrau_akimat) әлеуметтік желісіндегі парақшаларында, облыстық әкімдіктің www.atyrau.gov.kz вебсайтында тікелей эфир арқылы көрсетіледі. Тікелей эфир кезінде тұрғындардан ұсыныстар мен сұрақтарды қабылдау үшін «Telegram-bot» (askatyraubot), 87753710250 Whatsapp нөмірі және 8 (7122) 276080 байланыс телефоны жұмыс жасайды. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, «Дина» сауда орталығында, Атырау облысының әкімдігі ғимараттарында сұрақтар мен ұсыныс-пікірлер үшін арнайы жәшіктер орнатылған.

«Атырау облысы әкімінің аппараты»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз