Жарнама
Қоғам

«Объективте – туған өлкем» фотосурет конкурсы қорытындыланды

  Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай әріптесіміз Олег Свидинді еске алуға арналған «Объективте – туған өлкем» атты фотосурет конкурсы өткізілген болатын. Кеше аталмыш байқау мәресіне жетті. Қорытындысында I орынды Индер аудандық «Дендер» газетiнiң ұжымы иелендi. II орын әуесқой фотосуретші Алексей Даниловқа, ал III орын аудандық «Мақат тынысы» газетінің редакторы Гүлзада Салиқоваға бұйырды. Сондай-ақ, «Тарихи мұра» аталымы бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті Еркебұлан Мутигуллин марапатталса, «Ерекше ракурс» номинациясына «Мақат тынысы» газетінің тілшісі Нұрбейбіт Нұғыманов ие болды. Ал, «Ең жас қатысушы» номинациясымен «Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері он алты жасар Айсағали Насыров пен Настя Фадина аталды.

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз).

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button