Аула да, подъезд де – бейнебақылауда

Aula da pod'ezd de beyneba yilauda1 Жаңалықтар

«Қазақтелеком» АҚ Батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясы «Подъездерге арналған бұлтты бейнебақылау» қызметін ұсынуда. Аталған жобаға сәйкес байланысшылар осы жылдың аяғына дейін Атыраудағы 142 көп пәтерлі үйге бір жарым мыңдай бейнекамера орнатуды жоспарлаған. Қазір 1314 бейнекамера 657 подъезді қамтыған 131 тұрғын үйге орнатылды. Бұлтты бейнебақылау қызметі абоненттерге нақты уақыт режимінде ұялы құрылғысы немесе дербес компьютері арқылы өз подъезінде болып жатқан жағдайларды бақылауға мүмкіндік береді.

????????????????????????????????????

«Подъезде бірыңғай бейнебақылау желісіне қосылған екі бейнекамера қойылады. Абонент осы бейнебақылау камераларынан келіп түскен бейнетүсірілімдерді интернет арқылы алады. Сонымен бірге, пайдаланушыларға нақты уақытта камераларды қарау мүмкіндігі ұсынылады, архивтік деректер 7 күнге дейін сақталады. Подъездегі бейнебақылауға тек сол подъездің тұрғындары ғана қол жеткізе алады», – дейді Атырау жергілікті желілер техникалық торабының директоры Нұрлан Мақұлов.

Бұл ретте бейнебақылау қызметін «Қазақтелеком» АҚ-ның әлі де абоненті болып табылмайтын тұрғындар да қоса алады. Қызметті қолданғаны үшін ай сайынғы абоненттік төлем – әр пәтерден 300 теңге, телекоммуникация қызметі үшін қойылатын бірыңғай шотқа кіреді. Қызмет тегін қосылады. Тұрғындар бейнекамера орнатылғаннан кейін подъездердегі жағдайды қадағалау мүмкіндігіне ие болады.

«Қанша дегенмен үйдің сыртқы қоңыраулары қастандық жасаушылардан үнемі қорғай бермейді. Бейнебақылау камералары подъездегі тәртіпті қадағалауға және тұрғындардың «тәртіп сақтауына» көмектеседі. Бейнебақылаудан қоғамдық тәртіпті бұзушылардың барлығы көрінеді. Кіре берісте кім алкогольді ішімдік ішіп отыр, кім темекі тұқылын немесе тұрмыстық қалдықтар тастағандығын бақылай аламыз», – дейді атыраулық Гүлнара Құрбаниязова.

Жаңа жобаны жүзеге асырудағы мақсат – көп қабатты тұрғын үйлердің подъездері мен аулаларында қылмыстың алдын алу және азайту, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бақытжан ЖҰМАТ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз