Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Әуесқой теннис турнирі

Теннис орталығында Атырау  қаласының жастар  ресурстық орталығының ұйымдастыруымен әуесқойлар арасында үлкен теннистен ерлер арасында біріншілік өтті.

теннис

         Қаламыздағы әуесқой теннисшілердің шеберлігін шыңдап, тәжірибе жинақтауларына мүмкіндік туғызған бұл жарыстың негізгі сайысына турнирдің шарты бойынша 18-29 жас аралығындағы осы спорт түрінен хабары бар 12 спортшы іріктеліп алынды. Үш сеттен құралатын әр ойын барысы қызыққа және тартысқа толы болды. Ойыншыларға да, ойынды тамашалауға келген көрермендерге де жақсы көңіл-күй сыйлады. Ақтық сында қос Нұрсұлтан кездесіп,  бірінші орынды қала тұрғыны Нұрсұлтан Олжағалиев иеленсе, екінші жүлде  Нұрсұлтан Мадиевке бұйырды. Ал,  Мереке Хисметуллин үшінші тұғырдан көрінді. Атырау қалалық жастар  ресурстық орталығының басшысы Серік Қадыров  барлық жеңімпаздарға медальдар мен ақшалай сыйлықтар табыстады.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button