ЭКСПО-2017 аумағында төтенше оқиға орын алды

f933954b604a97ef6c3ea50425ab4e1a Жаңалықтар

Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме аумағында С1 мен С2 павильондары арасындағы декоративті көпір құлады. Оқиға сағат 13.30 шамасында орын алған.

f933954b604a97ef6c3ea50425ab4e1a

Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның қоғаммен байланыс департаменті хабарлайды.

«Құрылым ешқандай функционалдық қызмет атқармайды. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жанындағы павильондарға да зиян келтірілмеген. Нысанның мердігері BI Group компаниясы құрылымды қалпына келтіру бойынша жұмыстар атқаратын болады», – деген хабарламада.

Нұрбейбіт Нұғыманов

ATPress.kz сайтынан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз