«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ұлттың тарихын тереңінен зерделеуге арналуымен құнды.
Қазақтың өткенін тарихи таным-түйсік тұрғысынан зерделеуді ұсынған мақалада кино өнері мен телевизияға тарихты жоғары мәдениет тұрғысынан әкелу мәселесі орынды көтеріліп отыр.
Рас, кино қашанда тәрбие құралы, басты идеологиялық механизм ролін атқарып келді. Және бұл үрдіс әзір жойылмайды. Меніңше, Елбасы көтерген Қазақстанның өркениет тарихын кинолентада көрсету мәселесін өңірлерден бастау керек. Өзім басшылық ететін «Жастар театры» қазіргі кезде көптеген әлеуметтік, рухани мәселелерге арналған қойылымдарды аудандарға апарып жүр. Кино түсіру бағытында көптеген идеяларымыз бар. Мысалға, біздің өлкемізден Исатай, Махамбет сынды батырларымыз, тарих тасасында қалып бара жатқан талай ақын-жырауларымыз өткен. Киелі жерлеріміз, аңызға бергісіз әңгімелер өз алдына бөлек тақырып.
Мақалада Елбасы аталған жобаларды халықаралық ынтымақтастық аясында отандық және шетелдік үздік сценаристерді, режиссерлерді, актерлерді, продюсерлерді тарту арқылы жүзеге асыруды тапсырған. Біз де киноны түсірмес бұрын үздік сценарийлерге конкурс жариялап, жан-жақты сараланған сценариймен жұмыс істесек дейміз. Идея бар, енді қолдау керек. Және тарихи, деректі киноленталарды насихаттау ісіне Көңілді тапқырлар театрының әртістерін, әлеуметтік желі аудиториясын игеріп отырған вайнерлерді тартатын болсақ, қоғамдық сананы тәрбиелеуде мұның да берері мол.
Әміржан ЮНИС,
«Жастар театрының» директоры.
«Рухани жаңғыру» мақаласы ұлт руханиятының жаңаша өркендеуіне үлкен жол ашты деп ойлаймыз.
Президент идесының іске асуына тек Үкімет емес бәріміз жауаптымыз
Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істей берсек, шын мәнінде рухани жаңғыра аламыз.