1499331857 article b 1500

Атырауда Астана күніне арналған концертті бес мың адам тамашалады

Жаңалықтар Мәдениет

Кеше  Атырау облысы Махамбет ауданында Астана күні мерекесі ерекше аталып өтті. Аудан əкімдігі Қазақстан эстрадасының жұлдызды тобы – «МузАрттың» концертін ұйымдастырды.

1499331857_article_b_1500_

Аудан орталығындағы басты алаңға сүйікті əншілерінің өнерін тамашалау үшін 5 мыңға жуық көрермен жиналды. Мерекелік думанға тек махамбеттіктер емес, облыс орталығы мен басқа аудандардың, көршілес облыстардың тұрғындары да келді. Əртістердің концертінен бөлек көрермендерге серуендеп, балалардың əткеншектер мен батуттарда ойнауына жағдай жасалды. «Халыққа керемет мерекелік кеш сыйлап, осындай шара ұйымдастырылғаны бізді қуантады, – деп əсерімен бөлісті Махамбет ауданының тұрғыны Əйгерім Сəрсекеева.

19748489_2177264349079218_8962265234817173092_n

– Соңғы жылдары біздің өңірге Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Тамара Асар, Бейбіт Қорған сынды көптеген əншілер келді. Міне енді «МузАртты» да көрдік, аудан орталығында нағыз жұлдыздардың өнеріне тəнті болғанымызға ризамыз. Бұл біз үшін айрықша оқиға». Концерт кезінде Махамбет ауданының еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді, сахнаға шақырылып, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. «Біз Мемлекет басшысының ауыл-елдегі халықтың мəдени деңгейін көтеру, ауылды дамыту туралы тапсырмасын басшылыққа алып отырмыз. Ай сайын қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өткіземіз. Əлеуметтік инфрақұрылым жобаларын да жүзеге асырып жатырмыз, – деді Махамбет ауданының əкімі Алимұхаммед Құттымұратұлы.

– Бұл игі істерде облыс басшылығы мен белсенді тұрғындардың мол үлесі бар. Кең көлемді шаралармен қатар əр апта сайын ЭКСПО халықаралық көрмесіне арналған концерттер өтеді. Оған қатысқан тұрғындардың еліміздегі маңызды көрмеге тегін билет ұтып алуына мүмкіндік бар».

19665158_2177264385745881_2129414123352582404_n

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған