Жарнама
Қоғам

Бұрымдылар конкурсының жаңа қатысушысы – Аружан Абжетова

Аружан  Абжетова, Кенбай  орта  мектебінің  9  сынып  оқушысы, Сағыз  селосы, Қызылқоға  ауданы:

Мен Сағыз елді мекенінде тұрамын. Қазіргі таңда 80 жылдық тарихы бар Кенбай орта мектебінің 9 сынып оқушысымын. Шашымның ұзындығы – 1 м 10 см.

Aruzhan
Аружан Абжетова, Кенбай орта мектебінің 9 сынып оқушысы

Шашымды қиып көрген емеспін. Ал, оны күтуге ерекше мән беремін. Бұрымымды әдемі өрімдермен өріп жүргенді жақсы көремін.

Жылтыр және тегіс болуы үшін суға бұқтырылған жуаның қабығы араласқан қоспамен шашымды жуамын. Содан кейін ғана сусабынды қолданамын.

Бұрым – барлық қыздардың көркі. Ол ерекше әсемдік пен нәзіктік сыйлайды. Сән қуып немесе күтімін қиынсынып, шашымды қиып тастау туралы мүлдем ойлаған емеспін. Қазақтың әр қызы инабатты, ибалы, мәдениетті, білімді, үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсете білсе деймін. Әр арудың бұрымды болғанын қалаймын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button