Ауыл тұрғындарын не толғандырады?

Жаңалықтар

Atr.kz/30 шілде, 2019 жыл. Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Индер ауданындағы Бөдене ауылының тұрғындарымен кездесті.

Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады. Облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының, мекеме мен кәсіпорындардың басшылары, ардагерлер, әлеуметтік сала қызметкерлері, сондай-ақ, жергілікті әкімдіктің бөлім басшыларының қатысуымен өткен кездесуде тұрғындар өздерін алаңдатып отырған мәселелерді қозғады.

Тұрғындардың айтуынша, Жайық өзенінің суы азайып барады. Өзен жағасындағы орман-тоғайдың жағдайы нашарлап, мал азығын дайындауға шабындық жетіспей отыр. Мал ұрлығы да тоқтамай тұр. Тұрғындар осы мәселелерге жүйелі бақылау жасалғанын қалайды.

Сонымен бірге, сенатор Сәрсенбай Еңсегенов мемлекет тарапынан қайтарымсыз несие алып, өз ісін бастаған жас кәсіпкерлермен де жүздесті. Солардың қатарындағы Жаңаша Иманқұлова 1995 жылдан бері жұмыссыз екен. Қазір ол қайтарымсыз несие алып, шаштараз салонын ашыпты.

Ал, өз туындыларына ел, ауыл тарихы мен ұлттық салт-дәстүрді арқау еткен суретші Тілек Халиннің жеке галереясы бар. Қылқаламын әлі де қолынан тастамаған суретші тәжірибесі мен білімін жастарға үйретуде.

Индер ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз