«АТЫРАУЫНАН» АЖЫРАМАҒАН АЗАМАТ
Мерейтой иесін алдымен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов құттықтады. Алдағы өмірінің де шуақты, көңіл-күйінің қуатты болуын, бақытты қарттықта баянды ғұмыр кешуін тілеп, оған облыс әкімінің атынан жазылған Құттықтау хатын тапсырды. Естелік сыйлығын ұсынып, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Армия генералы, тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов атындағы медальды табыстады. Әріптесінің сөзін жалғастырған Атырау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әліпқали Бекеш те осы тілекке қосылып, мерейгерге жақсы сөздерін арнады.
Келесі кезекте құттықтаушылар легін облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Оразбек Қасымов, мәдениет, мұрағат және құжаттамалар басқармасының басшысы Алтынбек Нысанғалиев, Қазақстан Журналистер Одағы облыстық филиалының, мәдениет, ақпарат және спорт қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрағасы Қуандық Батыров, «Атырау-Ақпарат» кәсіпорны жанындағы ардагерлер ұйымының төрағасы Айтқали Нұрғалиев жалғастырды. «Жақсының жақсылығын айт…» демекші, олар да Қилыбай Қуанышбайұлының адами асыл қасиеттерін әр қырынан сипаттап, азаматтық болмысы мен тұлғасын сомдай білді. Сый-сияпат, құрметтерін көрсетті. Бұл лектен Қилыбай ағамызбен үзеңгілес қызмет істеген аға буын өкілдері Тәжі Ақымов, Тілек Дәулетов, Жаңбырбай Сұлтанғалиев те тыс қалмады.
Әріптестері атынан мерейгерді кәсіпорын басшысы Төлеген Берішбай мен облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов құттықтап, інілік ізет танытты.
Дәулетқали АРУЕВ.
Суретті түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.