Қоқыстан табылған сәби өліміне қатысты тың дерек пайда болды

1529903 Жаңалықтар

Сағыздағы қоқысқа тасталған нәресте өліміне байланысты жаңа дерек анықталады.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылында сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әйелдің жүктілігіне байланысты дәрігерлік есепке тұрмай, жасырынып келгенін растады.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Құдаманованың айтуынша, ол аудандық жедел жәрдем стансасына қан кетіп, жағдай қиындаған  соң ғана хабарласқан.  Медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсету кезінде 35 жастағы келіншектің босанғанын анықтады. Алайда, әйел бастапқыда босанғанын мойындамай, түсіктен кейінгі «қан кету» деп жалтарған.

«35 жастағы келіншектің жүктілігіне байланысты амбулаториялық есепке тұрмағаны анықталды. Ол жүктілігін айтпай, жасырып келген.

Ауданға қарасты медицина мекемелерінің акушер-гинекологтары пандемия жағдайына байланысты әр учаске бойынша бала туу жасындағы әйелдермен онлайн байланыс жұмыс жасауда»,-деді Айгүл Құдаманова.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қызылқоға ауданы тұрғындарына 1 емхана, 8 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік амбулаториялық пункт қызмет көрсетеді.  Ауданда акушер-гинеколог дәрігерлердің тапшылығы жоқ. 

Аудан бойынша  434 жүкті әйел дәрігерлік есепте тұр. Жыл басынан бері 44 сәби дүниеге келген.

«ATPress.kz»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз