Жарнама
Қоғам

Асыраушысынан айырылған жағдайда…

 Әлеуметтік қорғау саласында асыраушысынан айыры- луына байланысты берілетін әлеуметтік төлем бар. Мұны көпшіліктің бірі білсе, бірі білмей жатады. Соған орай бүгін біз Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті бас маманы Надежда НАУРЫЗБАЕВАДАН осы мәселе жайында тереңірек айтып беруін өтіндік.

— Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлемді алу құқығы қайтыс болуы туралы куәлікте көрсетілген күннен немесе сот азаматты «хабар-ошарсыз кетті» деп таныған немесе «қайтыс болды» деп жариялаған күннен басталады. Әлеуметтік төлем төмендегідей жағдайда төленеді:

1) 18 жасқа толмаған және, егер олар 18 жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалса, осы жастан асқан балалары, оның ішінде асырап алған балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен немерелері. Бұл ретте аға-інілерінің, апа-сіңлілері мен немерелерінің еңбек етуге қабілетті ата-аналары болмаған жағдайда;

2) жасына және еңбек қабілеттілігіне қарамастан, ата-анасының біреуі немесе жұбайы, не атасы, әжесі, аға-інісі немесе апа-сіңлісі, егер ол қайтыс болған (сот «хабар-ошарсыз» кетті деп таныған немесе «қайтыс болды» деп жариялаған) асыраушының үш жасқа толмаған балаларын, аға-інілерін, апа-сіңлілерін немесе немерелерін қүтіп-бағумен айналысатын болса.

— Қамқорлықсыз қалған балаларға әлеуметтік төлемдер қалай тағайындалып, төленеді? Ол үшін азаматтар қайда барады, қандай құжаттар тапсырады?

— Бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтік төлемдер мүгедектік белгіленген мерзімге тағайындалады. Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлемді тағайындату үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы — «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына» өтініш беру қажет. Өтінішке қоса мынадай құжаттар тапсырылады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) асыраушысының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе адамды «хабар-ошарсыз кетті» деп тану туралы немесе «қайтыс болды» деп жариялау туралы соттың шешімі;

3) қайтыс болған (сот «хабар-ошарсыз кетті» деп таныған немесе «қайтыс болды» деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжаттың көшірмесі (неке туралы, қайтыс болған асыраушының балаларының тууы туралы, асырап алу туралы куәліктері);

4) отбасы мүшелерінің оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы оқу орнынан алынған анықтама (ол оқу жылының басында жыл сайын жаңартылады);

5) қорғаншылық туралы құжат (қажет болған жағдайларда);

Әңгімелескен: Лиза Сейтімова.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button